Спортты дамытуға аясында екі жаңа спорт залы ашылды

Фотография - Спортты дамытуға аясында  екі жаңа спорт залы ашылды

Таразда спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында 2 спорт зал пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz.

449 0


Таразда спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында 2 спорт зал пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында салынған нысандардың құрылысына 300 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Әмбебап спорт кешенінде оқу-жаттығу жұмысымен қатар түрлі спорттық ойындар бойынша жарыстар да өткізуге болады.

Ашылу салтанатында қазақ күресінің қара нары – «Қазақстан барысы 2013» турнирінің қатысушысы Бейбіт Ыстыбаевқа жаңа автокөліктің кілті тапсырылды. Айта кететіні, қазақ елінің мақтанышы Бейбіт – осындай спорт мектебінің түлегі.

«Біз ауылдық жерлерде, аудандық орталықтарда спорт түрлерінің облыстық чемпионаттарын ауылдарда өткізіп жатырмыз. Себебі ауыл жастарын спортқа тартып, мықтыларын іріктеп аламыз», - дейді Облыстық спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!