Жазда туылған сәбилер салмақтылау болады

Фотография - Жазда туылған сәбилер салмақтылау болады

Құрсаққа мамыр айында біткен нәресте мезгілінен ерте туылады. Ал жазда туған сәбилер өзге замандастарына қарағанда, салмақтырақ келеді. 1,4 млн сәбиді зерттеген америкалық дәрігерлер бірнеше қызықты сәйкестікті жария етті.

243 0

Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, маман­дар мамырда бала көтерген әйелдер арасында мерзімінен бұрын боса­на­тын­дардың 10%-ға көп болатынын анықтады. Мұның себебі тұмаудың маусымдық өр­шуіне байланысты болуы мүмкін. Өйткені мамыр айында құрсаққа біткен нәрестенің ай-күні ақпан айына, яғни тұмаудың маусымдық белең алуына сәйкес келеді. Америкалық дәрігерлер 2009 жылы H1N1 тұмауы пандемиясы кезінде ақпан-наурыз айларында көтерілген нәрестелердің де ерте туылғанын айтып отыр. Зерттеу нәтижесінде жазда туылған сәбилер салмағының жылдың басқа уақытында дүниеге келген балаларға қарағанда 8-9 грамға артық болатыны да анықталды. Бұған ананың жаз мезгілінде салмақ қосуы мен рационының өзгеруі себеп болуы ықтимал

Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!