Қарағанды облысы халқының үтен бірі нашар тұрмыс кешуде

Фотография - Қарағанды облысы халқының үтен бірі нашар тұрмыс кешуде

Қарағанды облысында қарапайым халықтың 28 пайызы тұрмыстарының нашарлағанын айтады. Бұл туралы baq.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

174 0

Қарағанды облысында қарапайым халықтың 28 пайызы тұрмыстарының нашарлағанын айтады. Бұл туралы baq.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылдың маусым айында статистика департаменті халықтың арасында жеке шаруашылық және еліміздегі жалпы экономикалық өзгерістер туралы адамдардың жеке пікірлерін білу мақсатында сауалеама жүргізген.

Өткен 12 айда сауалнама нәтижесі бойынша жергілікті халықтың 13 пайызының тұрмысы жақсарған, ал 28 пайызында керісінше нашарлағандығын көрсеткен.

Алдағы айларда экономикадағы оң өзгерістерді респонденттердің 12%-ы, жағдайдың нашарлауын – 19%-ы болжады. Пікірлері бойынша ешқандай өзгерістер болмайтынын сұралғандардың 53%-ы атады, 16% бұл сұраққа жауап беруге қиынсынған. Бір жыл бұрын респонденттердің 14%-ы жақсаруды, сұралғандардың 17%-ы жағдайдың нашарлауын болжаған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!