Дәрігерлердің салғырттығынан 75 жастағы қария подъезде көз жұмған

Фотография - Дәрігерлердің салғырттығынан 75 жастағы қария подъезде көз жұмған

Таразда дәрігерлер жауапсыздығынан 75 жастағы жалғыз басты қария подъезде жатып бақилық болды. Ақсақалды ақ халаттылар ауруханадан шығарған бойда, үйіне жеткізбей баспалдаққа тастап кеткен. Көршілердің айтуынша, ауруы асқанған зейнеткер цементтің үстінде жатып көз жұмыпты.

199 0

Таразда дәрігерлер жауапсыздығынан 75 жастағы жалғыз басты қария подъезде жатып бақилық болды. Ақсақалды ақ халаттылар ауруханадан шығарған бойда, үйіне жеткізбей баспалдаққа тастап кеткен. Көршілердің айтуынша, ауруы асқанған зейнеткер цементтің үстінде жатып көз жұмыпты.

Жедел жәрдем көлігімен сау болып кеткен қария, сал болып қайта оралған. Зейнеткер қалалық ауруханада бар жоғы бес күн ем алыпты.

Көршілердің айтуынша, жүруге мұршасы жоқ қарияны мейірбикелер жедел жәрдем көлігінен сүйретіп түсіріпті. Екі жағынан қолтықтап, науқасты жетектеген бойда екінші қабаттың баспалдағына, тіпті бөлмесіне де жеткізбей отырғызып кеткен. Ал содан кейін олар алды-артарына қарамай тайып тұрған.

Бағила Жұбанышева, көршісі:

- Басы қисайып қорылдап отыр екен. Мына жерден адамдар өтіп жатты. Шалдың үстінен адамдар өтіп жатты кәдімгідей. Оны отыр ма жоқ па деп жатқан жоқ. Қандай күйде жатқанын ешкім білген жоқ, бірақ шал қорылдап жатты.

Төрехан Орханов, мұздай цементтің үстінде жарты сағат бойы жамбастап жатқан. Оның қимылсыз күйін, көршілері байқап, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдемін шақырыпты. Бірақ, тым кеш еді.

Екатерина Меринова, көршісі:

- Өлген адамның өзін келген тәртіп сақшылары қорлады. Керек емес зат секілді мәйітті сүйрет алып шықты да, машинаның артына лақтырып жіберді. Бұл не деген сұмдық. Ол адам ғой.

Марқұм жатахананың бір бөлмесінде жалғыз өзі тұрған. Туған-туыстан жұрдай. Өзі бұрынғы шахтер. Ішімдікке әуес емес, жүрісі түзу еді дейді көршілері. Ал, ақсақал жатқызылған аурухана өздерінше ақталып отыр. Айтуларынша, зейнеткердің ауруы көп. Аштықтан әлсіреген, жүрегі нашар, сайып келгенде күтім болмапты. Ал, палатада дәргерлерге жайсыз қылықтар жасаған көрінеді.

Жұмабай Жайпанов, Тараз қалалық № 1 аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Жатып алады да зәрін адамға лақтырады, үлкен дәретін адамға лақтырады. Несін шығарып қойып, қасып жатады. Іш киімін төмен түсіріп, шығарып қойып қасып жатады. Сонымен тұрады да көрсетеді.

Зейнеткердің осы жағдайына қарамастан дәрігерлер үйіне босатып жіберген. Тіпті, тарихында тұңғыш рет ауруханадан науқасты өз көлігімізбен жеткізіп салдық деп отыр. Ал, бөлмесіне кіргізуге мейірбикелердің мүмкіндігі болмапты. Уақыт тығыз.

Жұмабай Жайпанов, Тараз қалалық № 1 аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Олар айтты, үйіне барсақ, есігі жабық, құлып тұр екен деді. Сосын учаскелік инспекторлады шақырамыз деді. Олар келсе кіргізіп жібереді деген. Олар келмеген.Сосын көршілерге өтініш жасаған, енді олар күтіп отыра алмайды ғой.

Зейнеткерді емдеу мерзімі де аяқталмаған. Оны дәрігерлердің өздері мойындады. Алайда, соған қарамастан үйіне қайтарған. Айтуларынша, марқұм кетуге асығып, жеткізіп салуға өтініш жасапты-мыс. Ал, көршілері болса, дәрігерлер бәледен құтылу үшін, науқасты әдейі әкеп тастады деген сенімде. 


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!