Елдің оңтүстігінде бақша дақылдарынан рекордтық өнім жиналмақ

Фотография - Елдің оңтүстігінде бақша дақылдарынан рекордтық өнім жиналмақ

Оңтүстік Қазақстанның шаруалары маусым басталғалы бері 300 мың тонна қарбыз бен қауын жинады

200 0

Оңтүстік Қазақстанның шаруалары маусым басталғалы бері 300 мың тонна қарбыз бен қауын жинады.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 112 тоннаға артық.

Жиналған өнім барлық облыстардың қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті екеніне оңтүстіктік дихандар сенімді. Оның бір бөлігі күн сайын еліміздің солтүстік аймақтарына, ТМД елдеріне тасымалданады.

Айта кеткен жөн, биылғы жылы өңірде 53 мың гектар алқапқа бақша дақылдары отырғызылды. Бүгінде ОҚО елімізді 70 пайызға аталмыш өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Биыл да аймақта 1 миллион тоннадан астам бақшы дақылдары жиналады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!