Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 9 отбасыға Астана күнінде жиналған қаражаттан көмек көрсетілді

Фотография - Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 9 отбасыға Астана күнінде жиналған қаражаттан көмек көрсетілді

Бұл қаражат Астана күні аясында өткізілген концерттер мен қайырымдылық акцияларынан жиналған болатын. Бұл жылы комиссия қаржыны тез арада емделуді қажет ететін мүгедек балалары бар 9 отбасыға бөліп берді

233 0

Астана қаласының әкімдігінде мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға ақшалай сертификаттарды тапсыру бойынша дәстүрлі жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл қаражат Астана күні аясында өткізілген концерттер мен қайырымдылық акцияларынан жиналған болатын. Бұл жылы комиссия қаржыны тез арада емделуді қажет ететін мүгедек балалары бар 9 отбасыға бөліп берді.

«Біз Астана күндерінде концерттер мен мерекелік шараларға барған барлық астаналықтар мен елорда қонақтарына алғысымызды білдіреміз. Себебі олар тек концерт тамашалап қана қоймай, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі қаншама бүлдіршіндердің үміт отын жағуға атсалысты», - деп атап өтті Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алма Алтыбаева.

Бұл акция 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы Астана күнінде 7,5 млн. теңге жиналды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!