Атырауда интернационалист-жауынгерлерге ескерткіш орнатылады

Фотография - Атырауда интернационалист-жауынгерлерге ескерткіш орнатылады

Шаһарда Атырау (Гурьев) облысынан әскер қатарына шақыртылып, Ауған жерінде жер жастанған интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылады

280 0

Шаһарда Атырау (Гурьев) облысынан әскер қатарына шақыртылып, Ауған жерінде жер жастанған интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сәулетшілердің жоспары бойынша ескерткіштің биіктігі 9 метр болмақ. Оның ақ қақпасы және Ауғанстандағы соғыстың 10 жылдығын (1979-1989 жж.) білдіретін 10 баспалдақ арқылы шығатын жоғары алаңқайда қоладан жасалған 2 сарбаздың мүсіні болмақ.

Ал декоративті қабырғада Ауған жерінде қаза тапқан, із-түзсіз кеткен сарбаздар мен офицерлердің есімдері, қазақ және орыс тілдерінде естелік жазбасы ойылып жазылады. Жоспар бойынша ескерткіш 2014 жылдың 15 ақпанына дейін Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 25 жылдығына орай Жеңіс саябағында орнатылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!