Қарағандыда 12 жасар қари жамағатқа имам болып, тарауық намазын өткізуде

Фотография - Қарағандыда 12 жасар қари жамағатқа имам болып, тарауық намазын өткізуде

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Рамазан айы басталғалы бері Құранды әуелетіп орындайтын, жас баланың дауысын естиміз

195 0

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Рамазан айы басталғалы бері Құранды әуелетіп орындайтын, жас баланың дауысын естиміз. Үлкен аға-апаларымыздың, жамағаттың өтінішін жерге қалдырмай, Әбду Мәлік күнде Құран хатым қылады. Жас қари бәрін ұйытып Құран оқыған кезде, махаббат пен рақымдылықта қалқып, рамазан айының хош самалында сырт көзге қиын, бірақ көңілге қонымды мезеттерді бастан өткеріп жатқаны сөзсіз. Бұрындары басқа елдерде ең жас қари деп, балаларды көрсетіп жатқанда таң қалатын едік. Міне біздің арқа елінде де, ең жас қари маңдайымызға туа бітіпті. Бұл келешек ұрпағымыздың кемел боларының дәлелі шығар.

Әбду Мәлік арабша оқуды 7 жасынан бастаған көрінеді. Ал Құранды соңғы үш жылда жаттап алған. Құран оқып отырып, кез-келген жерінен әрі қарай жалғыстыр десең, ұшқан құстың жылдамдығындай тез іліп әкете қоятын жас шәкіртімізден уақытын бос сергелдеңмен өткізіп, ырду-дырду тойдан қолы босамай, иманы әлсіз, жүректерін кір шалған бауырларымыз үлгі алса екен дейміз. Дана халқым «Білмегеніңді үлкеннен, үлкен болмаса кішіден сұра» деп тегін айтпаса керек. Жас қаридің күніне оқылған Құранның бір парасынан тым болмағанда, бір сөйлемі жатталып, ізгі ниеттеріңізге бастау болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Егер суға толы ыдысымыз болса, бірақ қамыр илейтін ұн болмаса, ешқашан дастарқанда нан болмайды. Иман- су және игі іс- ұн тәрізді. Әрқайсысы екіншісі болмаса адамды жұмаққа жетелемейді. Егер дүние мен ақиретке терең сенсек, бірақ осы сенім негізінде игі іс істемесек, не пайда? Керісінше егер иманымыз болмаса да жақсылық жасасақ, үзілген өсімдік сабағы егілген жерге ұқсаймыз. Ерте ме, кеш пе, сол көк сабақтар құрғап, солып қалады. Игі амалсыз иман, имансыз игі іс жемісті болмайды. Алла тағала астында арықтар ағып жатқан жұмақ бақтарын, осы екеуді, яғни, иман мен игі істі бірге ұстаған адамдарға нәсіп етеді деп қуантады. Әбду Мәліктің істері, үлкенге де кішіге де өнеге болғай»!


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!