Өркендеу ауылының тұрғындары таза ауыз суға мұқтаж

Фотография - Өркендеу ауылының тұрғындары таза ауыз суға мұқтаж

Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарасты Өркендеу ауылының тұрғындары таза ауыз суды аңсап жүр

182 0

Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарасты Өркендеу ауылының тұрғындары таза ауыз суды аңсап жүр. Осыдан екі жыл бұрын бұл ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су жүйесін тарту жоспарланған. Алайда, жоспар әлі күнге дейін жүзеге аспай келеді. Ал құрғақ уәдеге тойған ауыл тұрғындары «тым құрығанда мектеп оқушылары сапалы сумен қамтамасыз етілсе екен», деп тілейді.

Өркендеу ауылында 120 балаға шақталған мектеп күрделі жөндеуден өтті. Алайда, білім ошағына сапалы су тарту мәселесі «баяғы жартас сол жартас» күйінде қалды.

Жалғыз мектеп емес, ауылдағы барлық үй ауыз суды аңсап жүр. Кезіндегі суағарлар қазір істен шыққан. Тұрғындардың осы уақытта тұтынып отырғаны қолмен қазылған құдықтың ащы суы.

Бекжан Кенжекеев, Өркендеу ауылының тұрғыны:

Халықтың денсаулығына көп зиян келтіреді. Өте лас. Ішінде шыбын, қоңыздар жүреді. Соны тазалап ішуге мәжбүрміз.

Бұл - тұрғындардың жазды күнгі жалғыз амалы. Ал қыстыкүні өзеннің мұзын ерітіп ішеді - деп хабарлайды baq.kz

Ерболат Төлегенұлы, тілші:

Өркендеу ауылының маңайынан Нұра өзені ағып жатыр. Бұл өзеннің суы ластанған. Қыстыкүні ауыл тұрғындары осы өзеннің мұзын ерітіп ішеді. Өйткені,құдықтың суы ащы. Мамандардың айтуынша, бұл өзеннің құрамында адам өміріне зиянды химиялық заттар бар көрінеді.

Жалпы, Қорғалжын ауданындағы Өркендеу мен Арықты ауылына су құбырын тартуға байланысты 2011 жылы «Тау прожект» ЖШС жобалық құжатты әзірлеуді мойнына алады. Алайда, құжат әлі күнге дейін дайын болмай шықты. Қазір ісіне жауапсыздық танытқан мердігер мен жергілікті басшылар соттасып жатыр.

Қайыр Рыскелдінов, Қорғалжын ауданының әкімі:

Бізге соттың шешімімен 400 мың теңге ақша берешек болды. Қазан айына дейін тиісті құжаттарды дайындап береміз деп отыр.

Сағызша созылған су мәселесі толық қашан шешілетіні белгісіз. Тұрғындар болса, уәде етілген ауыз суды сарғайып күтіп жүр. Ең бастысы, денсаулықтарына алаңдаулы. Өйткені, ащы судың кесіренен бүйрек ауруына ұшырып жатқандар аз емес.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!