Қарағандыда «Гейлердің мақтаныш күні» ұйымдастырылады

Фотография - Қарағандыда «Гейлердің мақтаныш күні» ұйымдастырылады

Қарағандыда гейлер ұйымының өкілдері өздерін әлемге паш етіп, жеке мереке күнін құруды ойға алды.

202 0

Қарағандыда гейлер ұйымының өкілдері өздерін әлемге паш етіп, жеке мереке күнін құруды ойға алды.

«Біз Қарағандыда «Гейлердің мақтаныш күнін» ұйымдастырмақшымыз. Бұл әзірге идея ғана», - дейді «Азимут плюс» ассоциациясының мүшесі Алексей.

«Сонымен қатар, немістің кинематографтары түсіретін фильмге қатысамыз. Бұл фильм – "қызтекелер" мен "еркекшоралардың" құқығын қорғау туралы» дейді бір жынысты некені қолдаушы азамат.

Сонымен қатар, ол бүгінге дейін еркекшоралар мен гейлердің проблемасын шешумен айналысып келе жатқанын мақтанышпен айтты. Қалада Алексейдің өзі сияқты достары өте көп көрінеді. Олардың кейбірі билік орындарында жұмыс істейді. Алайда, сынға ұшыраудан қорқатындықтан, өздерінің гомосексуалист екендіктерін жария ете алмайды.

Алексейдің айтуынша, он жыл бұрын гейлерді мінез-құлықтарына және киген киімдеріне қарап тануға болса, бүгінгі күні оларды қоғамдағы қарапайым адамдардан ажырату қиын.

«Олардың киген киімдері, сыртқы тұрқы басқа адамдардан ерекшеленбейді» дейді ол.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!