АҚШ асырап алған қазақстандық бүлдіршіндер елге қайтарылмақ

Фотография - АҚШ асырап алған қазақстандық бүлдіршіндер елге қайтарылмақ

Қазақстаннан асырап алынған бүлдіршіндер АҚШ-тың Монтана штатындағы балалар үйін паналап жүр. Өйткені, америкалық ата-аналары олардан бас тартқан

479 0

Қазақстаннан асырап алынған бүлдіршіндер АҚШ-тың Монтана штатындағы балалар үйін паналап жүр. Өйткені, америкалық ата-аналары олардан бас тартқан деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

Бұл туралы Ресей Президенті жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Павел Астахов хабарлады. Мұхит асқан сәбилердің жай-күйіне алаңдаған омбудсмен қаракөздердің тізімін Қазақстан билігіне тапсырмақ ниетте. Оның айтуынша, балалар қазір АҚШ-тың Канадамен шекаралас аймағындағы «Балалар Ранчосы» деп аталатын мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Айта кетейік, шамамен 1 ай бұрын еліміздің Білім және ғылым министрлігі ранчодағы қазақстандық балалар жайлы ақпарат сұратып, Американың құзырлы органына хат жолдаған болатын. Алайда оған әлі күнге жауап келген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?