Алматыда борышкерлерді коммуналдық қызметтен ажырату шаралары жалғасуда

Фотография - Алматыда борышкерлерді коммуналдық қызметтен ажырату шаралары жалғасуда

Алматыда күнделікті бірнеше қарызын өтемеген тұтынушыларды орталық құбырдан ажыратылуда. «Тоспа су» МҚК баспасөз қызметінен хабарлағандай қарызын өтемегендерді коммуналды қызметтен ажырату өзінің нтижесін көрсетуде.

128 0

Алматыда күнделікті бірнеше қарызын өтемеген тұтынушыларды орталық құбырдан ажыратылуда.

«Тоспа су» МҚК баспасөз қызметінен хабарлағандай қарызын өтемегендерді коммуналды қызметтен ажырату өзінің нтижесін көрсетуде.

Қазіргі уақытта Алматыда мобильді құрылғылармен жабдықталған бірнеше бригада жұмыс істеуде, олар10 -15 минутта-ақ борышкердің пәтерін орталық құбардан ажырата алады.

Тәжірбие көрсетіп отырғандай мұндай амалдар борышкерлермен күресуде ең нәтижелі әдіс. Құбырдан ажыратылғаннан кейін жылдар бойы жиналған қарыздар 3 күнде төленіп отыр.

Үйді коммуналдық қызметтен ажыратып тастау қолданылатын соңғы амал дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Қазіргі таңда тосқауыл қоятын құрылғыны көпқабатты тұрғын үйдегі жеке пәтерлерге қою мүмкін болды. Оның үстіне борышкердің үйіне кіріп те қажет емес. Су ағып кететін құбырға тосқауыл қойылғасын жуынар болсаңыз ванна немесе душыңыз толып қалады. Құрылғы қарыз өтелегесін ғана барып алынып тасталады.

Орталық құбырдан күнделікті 40 пәтер ажыратылуда.

Айта кетер жәйт, алдын ала ажыратылатыны туралы ескертілетіндіктен тосқауыл қоятын құрылғыны қолданудан кейінгі салдар толықтай тұтынушының мойнына жүктеледі.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!