Ен даладағы ағаш мешіттің тұрғызылғанына - 106 жыл

Фотография - Ен даладағы ағаш мешіттің тұрғызылғанына - 106 жыл

Татар қоғамы тұрғызған мешіт Семейден 40 шақырым жерде, ен далада орын тепкен

162 0

Бұл ғимараттың аса бір ерекшелігі, құрылысына бірде-бір шеге қолданылмаған.

Татар қоғамы тұрғызған мешіт Семейден 40 шақырым жерде, ен далада орын тепкен.

Қасиетті ғимаратты салған ұрпақтың шөберелері мешіт маңындағы Аққолтық ауылында тіршілік кешуде. Бұл туралы «Литер» газетінің бүгінгі нөмірінде жазылған.

Мешіттің тарихы татар қоғамының 1812 жылы 50 үйлі Аққолтық елді мекенінің іргесі қалануымен басталады. Сұлтанғали Фазылбековтің бастамасымен 1950 жылы Алла үйінің құрылысы қолға алынып, екі жылдан кейін тәмамдалған. Ғимарат Қазан қаласындағы ағаш мешіттерінің жобасымен бой көтерді. Оның жоспары мен жобасы әлі күнге дейін сақталған.

Өз анасының әңгімесін еске алған Ильшат Ишмұхамбетовтің айтуынша, кеңестік кезеңде мешітте мектеп орналасқан.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Шығыс Қазақстан мұражай-қорығының дирекциясы мешітке өз қызметкерлерінен құралған топты арнайы жіберген. Олар ғимаратты қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыруы тиіс еді. Нысан құрылысының бірегейлігіне көз жеткізген олар мешітті бұл ауылда қалдырмауға ұйғарады.

Мұражай басшылығы ғимаратты этносаябаққа көшіріп, оны қайта қалпына келтіре отырып тиісті күтімді жасауды діттеген. Бірақ зерттеушілердің қандай да бір тұжырымдарына қарамастан жергілікті тұрғындар мешіттің көшірілуіне үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Ал мұражай қызметкерлерімен әңгімесінде ғимаратты тұрғызған құрылысшының шөбересі Рауф Фазылбеков: «Нысан қайда орналасса да сақталып, менің атам туралы естеліктің өшпегенін қалаймын», - деген пікірін білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!