«Болашақ» түлектерінің басым бөлігі Астана және Алматыда жұмыс істеуді қалайды

Фотография - «Болашақ» түлектерінің басым бөлігі Астана және Алматыда жұмыс істеуді қалайды

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларында жұмыс істеп жатыр

332 0

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларында жұмыс істеп жатыр.

Біз бұл үрдісті өзгертіп, оларды аймақтарға жіберіп отыруды көздейміз. Бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында журналистерге сұхбат берген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек осылай айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі түлектерінің 60 пайызы - техникалық мамандар. «Демек, олардың еңбек нарығы Астана мен Алматы емес. Ондай түлектер өңірлерде жұмыс істеп, еліміздің өндірістік әлеуетін көтеруі тиіс. Біздің ендігін мақсатымыз да сол. Техникалық білім бар «Болашақ» түлектерін жинап, өндіріс ошақтарына жіберетін боламыз», - дейді С.Нұрбек.

Орталық басшысы атап көрсеткендей, қазіргі кезде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 85 түлек бар. Алайда олар білім беру дипломдарын әлі алмаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!