Сауда форумы өтеді

Фотография - Сауда форумы өтеді

Алматыда қазан айының 10-11 күндері ТМД елдері, Ауғанстан, Пәкістан және тағы басқа алыс-жақын шет мемлекеттердің кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда форумы өтеді

207 0

Алматыда қазан айының 10-11 күндері ТМД елдері, Ауғанстан, Пәкістан және тағы басқа алыс-жақын шет мемлекеттердің кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда форумы өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын ұлғайту жолдары» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Мұндай кездесулер бизнес құрылымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің сұхбаттасып, өзара сенімді дамытуына алғышарт жасайды. Саудада бизнесті дамытуда сенімнің маңызы өте зор. Егер бизнес өкілдері қандай тәртіппен, нормалармен жұмыс жасайтынын жақсы білсе, екіжақты саудаға үлкен ықпал ете алады», - дейді АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Аймақтық экономикалық ынтымақтастық жобасының жетекшісі Виктор Продедович. Оның айтуынша, кәсіпкерлер өз әріптестерімен танысып, оның мұқтаждығын жақсы білсе, сауда айтарлықтай деңгейде жеңіл жүреді. Жалпы еларалық сауданың дамуына мемлекеттік органдар да мүдделі. Дегенмен, барлық жағдайда ол ойлағандай жүзеге аса бермейді. Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі сауда келісімі тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңдерінде-ақ жасалғанымен, ондағы кедергілер әлі толық жойылмаған.

«Енді күзде Алматыда АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Аймақтық экономикалық ынтымақтастық жобасының ұйытқы болуымен үлкен сауда форумы болады. Өйткені аймақта тұрақты әріптестік қарым-қатынасты нығайту арқылы сауда айналымының көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бар. Әр елдің түрлі салада әлі пайдаланылмаған өзіндік үлкен әлеуеті бар», - деп атап өтті В. Продедович.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!