Болжау бойынша 600 мың тонна астық жиналуы мүмкін

Фотография - Болжау бойынша 600 мың тонна астық жиналуы мүмкін

 Мамандардың болжамы бойынша биыл Павлодар облысының диқандары дәнді және майлы дақылдардан біршама тәуір өнімге қол жеткізбек

159 0

 Мамандардың болжамы бойынша биыл Павлодар облысының диқандары дәнді және майлы дақылдардан біршама тәуір өнімге қол жеткізбек.

Кеше ауыл шаруашылығы басқармасында өткен жиналыста дәнді дақылдардың өнімділігі гектарынан 10 центнерді құрап, жалпы түсімі 600 мың тоннаға жететіні айтылды.

Егер гектарына 5 центнерден айналса, онда 85 мың тонна күнбағыс жиналады.

Биылғы маусымда өңірдегі шаруашылықтар үшін 604 мың гектар алқаптағы дәнді, 171 мың гектар жердегі майлы дақылдарды дер кезінде орып алу міндеті тұр.

Дәнді дақылдар сіңірілген алқаптың 93 пайызының, майлы дақылдардың 87 пайызының жағдай тәуір, қалғаны қанағаттанарлық деп бағалануда - деп хабарлайды ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!