Google-дің тоқсандық табысы 14 миллиард доллардан асып түсті

Фотография - Google-дің тоқсандық табысы 14 миллиард доллардан асып түсті

Google компаниясы кеше өзінің тоқсандық табысын жария етті. Agence France-Presse хабарлағандай, үш айда компания 14,11 миллиард доллар көлемінде табыс тапқан. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық.

345 0

Осынау мол қаражаттың 55 пайызын америкалық компания өзге елдерден жинаған. Енді 14 миллиардтың 3,23 миллиард доллары Google-дің таза өз пайдасы ретінде компания қазынасында қалатын болады.

Компанияның негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж биылғы жылдың өсімін жақсылыққа балап отыр. Оның айтуынша, ақпараттық технологияның жылдам дамуы үлкен мүмкіндіктерді туғызады. Ал, Google болса осыны пайдалана отырып, адамзаттың өмірін жақсартуға бар күшін жұмсайды дейді ол.

Дегенмен, сарапшылар Google-дің табысын "біз күткендей болған жоқ" деп отыр. Олардың жоспары бойынша табыс көлемі бұдан біршама жоғары болуы тиіс еді. Соның салдарынан Google-дің NASDAQ-тағы акциялары 4 пайызға төмендеп кетті - деп хабарлады baq.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!