Венгриялық кәсіпкерлер Қостанай қаласына келді

Фотография - Венгриялық кәсіпкерлер Қостанай қаласына келді

Будапешттен аттанып Мәскеу мен Қазанда ат шалдырған автокеруен 4000 шақырым жолды артқа тастап, Қостанайға келіп жетті.

221 0

Будапешттен аттанып Мәскеу мен Қазанда ат шалдырған автокеруен 4000 шақырым жолды артқа тастап, Қостанайға келіп жетті.

Автокеруеннің құрамындадағы венгрлік азаматтардың барлығы – кәсіпкерлер. Облыс әкімдігі мажар бауырларды қостанайлық іскер азаматтармен жүздестірді. Бұған дейін бірнеше рет келіп, тарихын түптеп, Торғай жерінен туыстарын тауып, этно-мәдени байланысты нығайтқан мадиярлар енді Қазақстанмен экономикалық қатынасты күшейткісі келеді. Венгрияның алға қойған жоспары – 2017 жылға дейін қазақ елімен арадағы сауда-саттықты 3 есе ұлғайту. Меймандардың құптарлық ұсыныстары да көп. Олар қазақ кәсіпкерлерімен тізе қосып, ет өндірісі мен өңдеу ісінде серіктестік жасағысы келеді. Экожоба құбыр өндірісі, су тазарту өлшеуіш қондырғылар шығаруды мақсат тұтады. Автошеру Қостанайдан кейін Торғай жеріне бармақ.

Янош НЕМЕТ, Қазақ-мажар іскерлік кеңесінің вице-президенті:

- Тарихшылар мен өзге де ғылыми тұлғалар өте белсенді жұмыс істеп, біздің түбіріміз бір екендігін дәлелдеді. Енді Қазақстан-Венгрия арасында салмақты кәсіпкерлік-серіктестік орнату қажет. Денсаулық сақтау, жол құрылысын дамытуда жақсы жобаларымыз бар. Мал шаруашылығын өркендетуге де ықыластымыз. Қазақ елі тарапы қабыл алса, біз қуаныштымыз.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!