Ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді

Фотография - Ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді

Ақмола облысының статистика департаментінің қызметкерлері «ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді» деген байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

291 0

Ақмола облысының статистика департаментінің қызметкерлері «ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді» деген байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2012 жылғы Ақмола облысы халқының болжанған өмір ұзақтығы 67,46 жылды құрады. Соның ішінде ер азаматтар әйелдерге қарағанда (72,79 жас) едәуір аз өмір сүрген (62,52 жас).

Қала тұрғындарымен (67,07 жас) салыстырғанда ауылдықтар (67,91 жас) ұзақ өмір сүреді.

2012 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы (63,71 жас) 2003 жылмен салыстырғанда 3,75 жылға ұлғайған. Өткен он жылда ерлердің жасы 4,05 жылға, әйелдердің жасы 3,27 жылға өскен.

Атап айту керек, облыстағы халықтың өмір сүру ұзақтығы орта республикалық көрсеткіштен (69,61 жас) 2,15 жылға төмен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!