Алматылық автобус жүргізушілері жолаушылармен төбелеседі

Фотография - Алматылық автобус жүргізушілері жолаушылармен төбелеседі

"Қазақ Тұтынушылар қадағалау" бірлестігі Алматыда автобустарға рейд жүргізіп, ең көп таралатын бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайжы бірлестіктен.

117 0

"Қазақ Тұтынушылар қадағалау" бірлестігі Алматыда автобустарға рейд жүргізіп, ең көп таралатын бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайжы бірлестіктен.

Қоғамдық бірлестік еріктілері 20 автобустан 43 бұзушылық анықтаған. Оның ішінде ең жиі ұшырайтыны – автобус жүргізіліп келе жатып телефонмен сөйлесуі және билет таратпау.

«Жұргізушілер мен кондукторлар билет беруді талап еткен сөзге ашуланады. Оқиағлардың бірінде жүргізуші "Қазақ Тұтынушылар қадағалау" ҚБ жанындағы жемқорлыққа қарсы комитеттің өкіліне ашуы қозып бірнеше билетті қатар берген», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа жолаушыларды белгіленбеген орындара түсіру мен мінгізу, автобус жүргізіп келе жатып темекі шегу, валидаторды бұзу, автобусты ашық есікпен жүргізу, автобусты аяқты панельге көтеріп тастап жүргізу, рульді шынтақпен басқару және аптечкада керекті дәрі-дәрмектің болмауы сияқты оқиғалар тіркеген. Еріктілер тіпті жолаушылар зардап шеккен оқиғаларды да тіркеген. Автобустың бірінде жүргізуші аяқ асты есікті жауып жіберіп, жолаушы қысылып қалған, ал енді бірінде жүргізуші тіпіт жолаушымен төбелескен көрінеді.

Жоғарыда келтірілген оқиғалар түгелдей ғаламторға салынған.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!