Бас мүфти қарттарға ауызашар дастарханын жайды

Фотография - Бас мүфти қарттарға ауызашар дастарханын жайды

Қасиетті Рамазанда жасалған әрбір ізгі де игілікті істің сауабы мен қайырымы мол. Құлшылық айында қарттарға көңіл бөлудің де маңызы зор

184 0

Қасиетті Рамазанда жасалған әрбір ізгі де игілікті істің сауабы мен қайырымы мол. Құлшылық айында қарттарға көңіл бөлудің де маңызы зор.

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Алматыдағы Ардагерлер үйінде ауызашар дастарханын жайып, 100-ге жуық қамкөңіл қарияларға уағыз айтып, кітап сыйлады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Алла тағала адам баласын әртүрлі жағдайлармен сынайды. Қарттық, ауру, байлық, кедейшілік, жетім-жесірлік, т.б. Мұның бәрі - біз үшін сынақ. Егер осыған сабыр етіп, Аллаға шүкір айтып, сынақтан сүрінбей өтер болсақ, Жаратушы Иеміздің сый-құрметіне, нығметіне, жарылқауына, мейірім-шапағатына бөленеміз. Алла тағала ұстаған оразаларыңызды қабыл етіп, баршамызды екі дүниенің бақытына бөлегей. Жаратушы Иеміз жерімізге берекетін жаудырып, жастарымызға иман, қарттарымызға күш-жігер, құлшылығымызға ықылас нәсіп еткей! Ел қамында жүрген Елбасымызға амандық, елімізге тыныштық бергей», - деп дұға жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ардагерлер үйінде бес уақыт намазын оқып, Алладан медет тілеп, баталы сөз айтып жүрген қазыналы қарттар да аз емес екен. Қартайдым-ау демей, құлшылығына бекем боп, ауыз бекітіп жүрген қарттарға құрмет көрсетілді. Бас мүфти Ахмет Кәдіров пен Жайсанбай Қаңтарбаев ақсақалға кіші қажылыққа тегін жолдаманы сыйға тартты. Өзге ұлттың ардагерлері де Бас мүфтидің бұл бастамасын жақсылыққа балап, ізгі ниеттерін жаудырып жатты.

Батагөй ақсақалдар, қазыналы қарттар ауызашар дастарханынан кейін Бас мүфтиге қайырымдылық іс-шаралар үшін ақ батасын беріп, шығарып салды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!