Асхана мен оқулықкімдерге тегін болады?

Фотография - Асхана мен оқулықкімдерге тегін болады?

 Жаңа оқу жылы таяп келеді. Мектептер өз мүмкіндіктерінше білім ошақтарын даярлауда. Осы ретте оқушылардың мектеп формасы, оқулығы, асхана мәселесінің көтерілуі орынды мәселе

163 0

 Жаңа оқу жылы таяп келеді. Мектептер өз мүмкіндіктерінше білім ошақтарын даярлауда. Осы ретте оқушылардың мектеп формасы, оқулығы, асхана мәселесінің көтерілуі орынды мәселе.

Атырау облысының Сәлима есімді тұрғыны жоғарыдағы мәселені көтеріп, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті басшылығының блогына хат жолдаған. Ол өз хатында: «Мектептерде кітаптар жетіспейді. Барлық ата-аналардың сатып алуға шамалары келмейді. Көршілес Маңғыстау облысында оқушыларды кітаппен қоса тамақпен және мектеп формасымен қамтамасыз етеді. Неліктен бізде бұлар қарастырылмаған?» депті.

Аталған сауалға департамент басшысы Алпамыс Гилымов: «Мектептерде ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары тегін кітаппен қамтылуға тиісті. Егер кітаптар артық қалған жағдайда барлық балаларға үлестіріледі. Жетпеген оқулықтарды ата-аналар сатып алады.

Келесі оқу жылынан бастап бюджеттен қаражат қаралған жағдайда мектеп оқушыларын түгел тегін оқулықтармен қамту жоспарлануда» деп жауап берген - деп харбарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!