Екі рет тұрмысқа шыққан әйелге айыппұл салынды

Фотография - Екі рет тұрмысқа шыққан әйелге айыппұл салынды

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында екі рет тұрмысқа шыққан әйелге 3462 теңге айыппұл салынды

250 0

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында екі рет тұрмысқа шыққан әйелге 3462 теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жезқазғанның мамандандырылған әкімшілік сотында ерекше іс қаралды: екі рет тұрмысқа шыққан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ҚР ӘҚК 376-бабы (некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазатын органдарға жалған мәліметтер беру) бойынша әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпты деп танылды және 2 айлық есептік көрсеткіште, 3462 теңге, әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Істің материалдарына сәйкес, бірінші ерінен ажыраспай тұрып, екінші еркекпен тұрмыс құрады.

«Осылайша, ол ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 11-бабын бұзды. Бұл бапта азамат некеге тұру туралы өтініш берген кезде бұрынғы некелері туралы хабарлауы тиіс. Жезқазған қаласының Әділет басқармасы әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды және материал соттың қарауына жіберілді», - дейді баспасөз қызметі.

Сот отырысының хаттамасына сүйенсек, әйел өз кінәсін мойнына алып, құқықтық тұрғыдан бейсауат екендігін айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!