Судан келген қауіпті министрдің өзі сараптады

Фотография - Судан келген қауіпті министрдің өзі сараптады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған дәстүрлі брифингке ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко келіп, өзі жетекшілік ететін ведомствоның жұмыс жайымен БАҚ өкілдерін хабардар етті

158 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған дәстүрлі брифингке ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко келіп, өзі жетекшілік ететін ведомствоның жұмыс жайымен БАҚ өкілдерін хабардар етті - деп хабарлады baq.kz

Министрдің айтуынша, осы жылдың алты айында ТЖМ күштері 3 638 адамды құтқарып, ТЖ аймағынан 5 243 адамды эвакуациялаған. Сондай-ақ, еліміздегі түрлі деңгейлі су айдындарынан 513 адам, оның ішінде 141 бала зардап шеккен болса, министрліктің судан құтқару қызметінің мамандары 349 адам мен 112 баланы құтқарып, аман алып қалған. Өкінішке қарай, 164 адам мен 29 баланың ажалы судан келіпті.

– Мұндай келеңсіздіктің басты себептері жүзе білмеу және өз күштерін жете бағаламау (78 оқиға, суға кеткендердің жалпы санының 48 пайызы), мас күйінде суға шомылу (57 оқиға, жалпы санның 35 пайызы), балалардың ересектер қарауынсыз су айдындарының маңында болуы 29 оқиғаға жетіп, суға кеткендердің 17 пайызын құрап отыр, - деп атап өтті Владимир Божко.

– Ал енді алдын алу шаралары ретінде қандай әрекеттер жасап жатқанымыз жайында айтар болсам, министрлік суға шомылу маусымы кезеңінде 58 суда құтқару станциясының, 22 құтқару бекетінің, 7 икемділік-ісдестіруші тобы мен 13 сүңгуір авариялық-құтқарушы жасақтың жеке құрамын жоғары әзірлікке келтірдік, – деді ол.

Сонымен қатар, жауапты мамандар суға түсу және демалу үшін пайдаланылатын 4 мыңнан астам су айдындарына түгендеу жұмыстарын жүзеге асырып, шомылуға жарамды 535 аймақты анықтаған. Су түбін қауіпті заттардан тазартумен бірге, 960 су акваторийлерінің жағажайларды және ескерту көрсеткіштерін дайындау жөнінде түсіндіру шараларын жүргізіп, 200-ге тарта балалар лагерін ерекше бақылауға алыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!