"Алматы-Астана" пойызында билетсіз 30 адам анықталды

Фотография - "Алматы-Астана" пойызында билетсіз 30 адам анықталды

 Көліктік бақылау комитеті Алматы-Астана бағытындағы №3/4 жолаушылар пойызына билетсіз мінген 30 жолаушыны анықтады деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі 

306 0

 Көліктік бақылау комитеті Алматы-Астана бағытындағы №3/4 жолаушылар пойызына билетсіз мінген 30 жолаушыны анықтады деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі 

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері №3/4 Алматы – Астана бағытындағы жолаушылар пойызына Шу-Сарышаған учаскесінде жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында көліктік заңнаманы бұзып, жолаушылар пойызына билетсіз отырған 30 жолаушыны анықтады. Аталған пойыз жеке тасымалдаушы компания «Тұран Экспресс»ӨК» ЖШС-не тиесілі. Бұзушылыққа жол бергені үшін пойыз басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарын сақтамағаны үшін және тасымалдаушының Әлеуметтік маңызы бар облысаралыққатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруын субсидиялау жөніндегі Келісімшартты орындамағы үшін «Тұран Эскпресс» ӨК» ЖШС-не айыппұл санкциясын салу мәселесі қарастырылады.

Көліктік бақылау комитетінде атап өткендей, жолаушыларды билетсіз тасымалдау Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзудың негізгі факторы болып табылады.

2013 жылдың І жартыжылдығында еліміздің темір жолдарында 1028 (2012 жылдың ұқсас кезеңінде -463) жолаушылар пойызы тексеріліп, 733 жолаушының (2012 жылы -342) пойызға билетсіз отырғаны анықталды.

Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін тасымалдаушының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік материал құрылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!