Қызылордада астыртын ойын бизнесімен айналысқан 27 интернет-клуб тіркелді

Фотография - Қызылордада  астыртын ойын бизнесімен айналысқан 27 интернет-клуб тіркелді

Биылғы жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша астыртын ойын бизнесімен айналысып келген 27 интернет-клуб тіркеліп, заң органдары тарапынан жаптырылған. Бұл жайында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің блог-тұғырнамасында мәлімдеді

169 0

Биылғы жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша астыртын ойын бизнесімен айналысып келген 27 интернет-клуб тіркеліп, заң органдары тарапынан жаптырылған. Бұл жайында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің блог-тұғырнамасында мәлімдеді.

Өңір басшысының мұндай мәлімдеме жасауына қала тұрғындары бірінің жазған хаты себеп болып отыр. Айнұр Баратова есімді қызылордалық компьютер клубы деген атпен жасырынған заңсыз ойын клубтары қалада кәсібін еркін жүргізіп келетіндігін айтып шағымданған.

Қырымбек Елеуұлы болса тәртіп сақшылары тарапынан мұндай жасырын орталықтарды анықтау шаралары Қызылордада жиі жүргізілетіндігін айтқан.

«Жыл басынан бері Қызылорда қаласында жоспарға сайкес қала аумағындағы интернет клубтардың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны 52-і құраған. Ағымдағы жылдың басынан бастап бірлескен жоспарға сәйкес жедел іс-шаралар жүргізіліп, астыртын ойын бизнесімен айналысып отырған 27 интернет клуб құрықталды. Қазіргі таңда сот компьютерлік техникалық сараптамалар тағайындалып, қорытындысы дайын болған компьютерлік клуб егелеріне әкімшілік шара көруге Қызылорда қалалық сотына жолдануда.

Бұл бағытта ОІІД-нің ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен сезік тудыратын «интернет клуб» иелерінің арасынан, бұл клубтардың Ресей Федерациясымен тұрған келісім шарттары заңды немесе жалған екенін анықтау мақсатында және олардың арасында болып жатқан жағдайды толығымен бақылау үшін тиісті оперативтік іс-шаралар жүргізілуде» дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, елімізде ақша түсіретін ойын түрлерімен айналысуға тиым салынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!