Алматы зообағы күрделі жөндеуден өтпек

Фотография - Алматы зообағы күрделі жөндеуден өтпек

Алматыдағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден өтеді. Қазір орталықтың қайта жасақтау жоспары мен дизайндік жұмысы жасалуда

259 0

Алматыдағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден өтеді. Қазір орталықтың қайта жасақтау жоспары мен дизайндік жұмысы жасалуда. Жалпы құрылысқа шамамен 5 миллиард теңге кетпек. Бірақ бюджеттің есебінен емес, жөндеуге ерікті түрде қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан демеушілердің қаржысына. Әйтпесе, 76 жылдық тарихы бар зообақта бірде бір жөндеу көрмегендіктен әбден тозығы жетіп тұр.

Осыдан 76 жыл бұрын қабырғасы қаланған Алматының ең көрнекті орнының бірі - хайуанаттар бағы бастапқыда 20 жануары болған орталықтың бүгінде аң мен құсы 200-ге жеткен. Тек, өкініштісі зообақтың әбден тозығы жетіп тұр.

Бірақ алдағы 5 жылда бәрі өзгеріп, бақ қайта жанданбақ. Жай ғана емес, табиғилыққа мейлінше жақын заманауи үлгіге сай. Бұған шамамен 5 миллиард теңге жұмсалады.

Ерболат Мұқашев, «Алматы хайуанаттар бағы» МКК директорының орынбасары:

- Биыл зообаққа 76 жыл толады. Бірақ осы уақыт аралығында орталық бірде бір күрделі жөндеуден өтпепті. Осыны ескеріп, әрі 80 жылдыққа дайындық ретінде мұнда ірі реконструкциялық жұмысты бастамақпыз. Оған қала билігі де, жеке кәсіпкерлер де көмек қолын созуда.

Әзірге жөндеудің басы жоспарлау кезеңінде тұр. Мамандар бақты үш аймаққа бөлмек. Қазақстан, оңтүстік және солтүстік жартышар деп аталатын. Қазақстан бөлігінде - тек қазақ жерін мекен ететін жануарлар болса, оңтүстікте – жылы жақтың, солтүстікте – суықты қалайтын хайуанаттар қоныстандырылады. Әрі барлығының торы мейлінше кеңейтіле түспек.

Ерболат Мұқашев, «Алматы хайуанаттар бағы» МКК директорының орынбасары:

- Торлардың барлығы жануарлардың өмір сүру икемділігіне байланысты кеңейтіледі. Лантшафтық дизайні де жасалады. Десе де ең бастысы жануарлар өзара табиғаттағыдай еркіндікте жүретін болады. Мәселен, жираф мен зебра бір аймаққа жіберледі.

Торының кеңейтілгенін күтіп жүрген бақты мекендеуші жануардың бірі 35 жастағы ақ аю - Алькор. Жыртқыш осыдан 10 жыл бұрын әкелінген. Бірақ содан бері небәрі 50 шаршы метрді құрайтын мына тордың ішінде тіршілік етіп келеді. Ал жөндеуден кейін оған аумағы 30 есеге ұлғайтылған жер бөлінбек. Бақтағы мұндай өзгеріске кәсіпкерлер түрткі болуда.

Куаныш Дәуітов, кәсіпкер:

- 76 жылдың ішінде зообаққа бірде бір рет жөндеу жүргізбеу, бұл шынын айтсам ұят нәрсе. Сондықтан біз кәсіпкерлер кеңесін құрып, бақты қайта қалыпқа келтіруді ұйғардық. Қазір жоспарлау жұмысы бітсе, қаржы жағын реттейміз.

Демек, сәтін салып, іс алға жүрсе алдағы 5 жыл ішінде Алматы хайуанаттар жаңа тынысқа ие болмақ. Әрі келушілер саны да анағұрлым арта түспек - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!