ШҚО лагерлерінде ресейлік балалар демалуда

Фотография - ШҚО лагерлерінде ресейлік балалар демалуда

Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Жігер» балаларды сауықтыру лагері 2000 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатыр. Бұл сауықтыру кешеніне соңғы 3-4 жылда келушілердің саны артты

259 0

Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Жігер» балаларды сауықтыру лагері 2000 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатыр. Бұл сауықтыру кешеніне соңғы 3-4 жылда келушілердің саны артты. Лагерь 2009 жылға дейін жылына 120 бала қабылдап келсе, соңғы жылдары бұл сан 600-ден асты. Ал биылғы жылдың қазіргі кезеңіне дейін 700 оқушыны қабылдап үлгерген. Демалушылар қатарына үздік оқушылар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасының балалары кіреді, деп хабарлайды ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен.

«Дәл қазіргі уақытта аты аталған балаларды сауықтыру лагерінде 156 бала демалуда. Олардың 20-сы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен келген балалар. Облыс басшысының бастамасымен екі өңірдің арасында қол қойылған көптеген меморандумның бірі оқушылардың алмасып, демалуы болатын. Сол мерейлі іс-шараның нәтижесін міне бүгін оқушылар көріп жатыр. Ал келесі, тамыз айының басында біздің аймақтың тәрбиеленушілері көрші өңірдің көрікті жерлеріне аттанады.

Табиғаты тамаша көл жағасында орналасқан лагерьде Алтай өлкесінің балаларының келуіне орайластырылып, «Егер досыңмен жолға шықсаң» Ккест туристік марафоны бойынша халықаралық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Жас ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөлінген балалар «Жұлдызды жаңбыр», «Айболит», «Із кесуші», «Туристік лабиринт», «Зообақ» және «Темірқазық» сынды жарыс түрлері бойынша бақ сынасты. Белсенді ойын көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізген 16 жеңімпаз «Қазақстанның жас турисі» деген куәлікке ие болды. Сондай-ақ, жарыстың басқа жеңімпаздары да тәтті сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.

Жарысқа қатысушы Тимур есімді ресейлік бала өз ойын айтты: – Ең әуелі бұл жердің тамағы ерекше дәмді, онан кейін спорт алаңдары өте көп екен. Шынымды айтсам, біздің өңірде мұндай нысандар бұл жердегіден аз. Табиғаты да керемет. Ал мұндағы адамдардың бізді күтіп алып, жақсы ниет көрсетіп жатқаны тіптен керемет. Кешкі шаралары да бізді қуантуда. Осындай жағдай жасап жатқан ағаларға айтар алғысым шексіз» - делінген хабарламада.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!