Бекет ата мешіті сотталғандарға ауызашар берді

Фотография - Бекет ата мешіті сотталғандарға ауызашар берді

Ақтау қалалық Бекет ата мешіті жамағаты жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін көрсетіп, ұйымдаса ауызашар жасауда

291 0

Ақтау қалалық Бекет ата мешіті жамағаты жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін көрсетіп, ұйымдаса ауызашар жасауда. Қалаға танымал кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, дінге жанашыр азаматтар да өз еріктерімен ауызашар беріп, Алла алдында зор сауап жинап жүр, деп жазды muftyat.kz сайты

 

Маңғыстау облыстық орталық мешіті мен Ақтау қалалық Бекет ата мешіті аймақтағы ГМ172/1, ГМ 172/6 түзеу мекемелеріне барып, сотталушыларға арнап ауызашар берді. Жалпы жыл басынан бері арнайы бекітілген жоспар бойынша айына 2 рет түзеу мекемесінде уағыз насихат жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Сотталғандардың ішінде бұрынғы қателіктеріне өкініп, тәубе етіп, 5 уақыт намаз оқып, ауыз бекітіп жүрген жандар бар. Қоғамның көлеңкелі тұсын елеусіз қалдырмай, оларға жанашырлық танытып, бауыр тұтқан, ауызашар кезінде «Ораза – кешірім айы» тақырыбында уағыз жүргізіп жүрген имамдар сотталушылардың сұрақтарына жауап беріп, көкейлерінде жүрген ой пікірлерін тыңдады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!