Қызылордалықтар сырқаттанса алдымен өздері емделіп көреді

Фотография - Қызылордалықтар сырқаттанса алдымен өздері емделіп көреді

Қызылордалықтар өздері емделуге тырысатындықтан сырқаты асқынып, ұзақ ауырады. Бұл туралы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабекова әңгімелеп берді.

128 0

Қызылордалықтар өздері емделуге тырысатындықтан сырқаты асқынып, ұзақ ауырады. Бұл туралы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабекова әңгімелеп берді.

«Жұқпалы аурулар ауруханасына түсетіндердің 50%-ы жедел жәрдем көлігімен жеткізіледі, – деп атап өтті Қаракөз Ризатайқызы. – Науқастардың басым бөлігі алдымен үйде емделіп көреді. Сөйтіп жүргенде, ауруы асқынып, ыстығы 40 градусқа жеткенде бізге түседі».

Дәрігер атап өткендей, жаз мезгілінде ішек инфекциясымен сырқаттанғандардың тек 78%-ы аурудың алғашқы белгілері басталғаннан кейін 3 күннің ішінде дәрігерлерге жүгінеді. Қалғаны алдымен үйінде жатып емделеді.

«Әрине, теледидардан күн сайын жарнамаланып жатқан дәрі-дәрмекке тыйым салу мүмкін емес, алайда халықты дәрігерге баруға үйрету керек», - дейді Қ. Балабекова.

Айта кетейік, биылғы жылы облыстың медициналық мекемелеріне 370 адам өткір ішек инфекциясын жұқтырып түскен, абырой болғанда кісі өлімі тіркелмеген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!