Жезқазған мешіті балалар үйіне көмек көрсетті

Фотография - Жезқазған мешіті балалар үйіне көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан айында, яғни оразаға байланысты еліміздің әр жерінде қайырымдылық шаралары жүріп жатыр

375 0

Қасиетті Рамазан айында, яғни оразаға байланысты еліміздің әр жерінде қайырымдылық шаралары жүріп жатыр. Жезқазған аймақтық мешітінің ұйымдастыруымен «Үміт» жетім балалар үйіне өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды,-деп хабарлайды Muftyat.kz

Бас имам жас сәбилерді Рамазан айы мерекесімен құттықтап, алдағы мектеп оқу жылына арналған 18 қыз бала және 21 ер балаларға арналған киімдерін сыйлады.


Мекемеде тәрбиеленіп жатқан балалардың жүздерінен қуаныш лебіздері байқалды. Жезқазған аймақтық мешітінің наиб имамдары Арынов Берік Суйіндікұлымен Аққошқаров Айтжан Қапарұлы үлкен залға жиналған мекеме қызметкерлері мен балаларға Пайғамбарымыз Мұхаммед өмірінен мысалдар келтіріп, Қасиетті айдың маңыздылығы жайында уағыз – насихаттар айтты. Білім алудың маңыздылығы жайында балаларға тағылымды Құран аяттарымен Пайғамбарымыздың хадис шарифтерінен мысал келтіріліп, алдағы білім белестерінде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.

Балалар үйінің басшылары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!