БҚО-да гепатиттің алдын алу апталығы өткізілуде

Фотография - БҚО-да гепатиттің алдын алу апталығы өткізілуде

Жыл сайын шілде айының соңында гепатитпен күрестің дүниежүзілік күні аталып өтіледі

162 0

Жыл сайын шілде айының соңында гепатитпен күрестің дүниежүзілік күні аталып өтіледі.

Осыған орай Батыс Қазақстан облысында 27 шілдеден 3 тамызға дейін «Денсаулық пен өмірді сақтаймыз» ұранымен В және С вирусты гепатитінің алдын алу апталығы өткізілуде.

Апталық аясында Орал қаласының көпшілік орындарында флеш-мобтар ұйымдастырылды. Қала емханаларында бұл күндері келушілер аталмыш дертке қатысты өз денсаулығын тексерте алады. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дөңгелек үстел отырысы болып, онда В және С гепатитінен қорғану жолдары, тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!