Алматыдағы қаңғыбас иттерді аулауға 100 млн. теңге қарастырылған

Фотография - Алматыдағы қаңғыбас иттерді аулауға 100 млн. теңге қарастырылған

Қаңғыбас иттер пен мысықтарды аулап, өлтіру арқылы олардың санын азайту мүмкін емес

158 0

Қаңғыбас иттер пен мысықтарды аулап, өлтіру арқылы олардың санын азайту мүмкін емес.

Жануарларды қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеді.

«Алматы қаласындағы қаңғыбас ит пен мысықтарды аулауға 2008 жылы 78 млн теңге бөлінген екен. Биыл оның көлемі 100 млн. теңгеге дейін жетіп отыр. Алайда олардың саны бұрын қандай болса, әлі сол қалпында. Сондықтан баспанасыз жануарларды аулап, жою бұл мәселені толық шеше алмауда», - дейді «Үміт аралы» жануарларға көмек көрсету қорының директоры Наталья Петкевич. Ал ит пен мысыққа арналған «Жаңа үміт» панажайының ұйымдастырушысы және қоғамдық қор президенті Диляра Сүлейменованың айтуынша, құзырлы органдарға әрбір қаңғыбас итті аулап, оны иесі табылғанша 3 күн бойы күтіп-ұстауға мемлекет 3800 теңге жұмсайды. Алайда олардың табиғи өсімін бақылай алмай отыр. Әлемнің өзге елдері қаңғыбас ит пен мысықтарға ота жасау арқылы ұрпақ тарату мүмкіндігін шектейді. Қазақстан да осы жолмен жүрсе, жануарларды қатігездікпен қырып-жоюға тосқауыл қойылмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!