Үштөбе балалар үйінің түлектері Қытайда болып қайтты

Фотография - Үштөбе балалар үйінің түлектері Қытайда болып қайтты

2013 жылғы 20-26 шілде аралығында Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшілігі мен Қытайдың балалар бейнелеу өнері қауымдастығының шақыруымен және «Эйр Астана» компаниясының демеушілік етуімен Алматы облысындағы Үштөбе балалар үйінін түлектері Бейжің және Ханчжоу (Чжэцзян өлкесі) қалаларында болып қайтты

382 0

2013 жылғы 20-26 шілде аралығында Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшілігі мен Қытайдың балалар бейнелеу өнері қауымдастығының шақыруымен және «Эйр Астана» компаниясының демеушілік етуімен Алматы облысындағы Үштөбе балалар үйінін түлектері Бейжің және Ханчжоу (Чжэцзян өлкесі) қалаларында болып қайтты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Сапар аясында Ханчжоуда қазақстандық жасөспірімдердің делегациясы Халықаралық балалар көркемөнер көрмесіне қатысты. Балалар Бейжіңде көрнекі орындарын аралап, Ұлы Қытай қорғанын тамашалады. Шараның басты мақсаты деңгейі төмен әлеуметтік топтардағы балалардың дүниетанымын кеңейту және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық балаларға қамқорлық көрсету жөніндегі міндетті іс жүзінде іске асыру болып отыр» делінген баспасөз баянында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!