Астана әуежайына 13,6 млн. теңге айыппұл салынды

Фотография - Астана әуежайына 13,6 млн. теңге айыппұл салынды

Астана халықаралық әуежайына табиғатқа залал келтіргені үшін 13 млн. 600 мың теңге айыппұл салынды

179 0

Астана халықаралық әуежайына табиғатқа залал келтіргені үшін 13 млн. 600 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласы Авиациялық көліктік прокурор Нұрлан Ахметбаев мәлімдеді.

Прокурордың айтуынша, мамыр айында әуе керосині төгілгеннен кейін тексеру жүргізіліп, әуежайдың экологиялық заңнаманы бұзғандығы анықталды. «Өкілетті органдардың қорытындылары бойынша заңды тұлға – Астана халықаралық әуежайына келтірілген залалды жою туралы ұсыныс жасалды. Әкімшілік іс қозғалып, 13 млн. 600 мың теңге айыппұл салынды», - дейді прокурор.

Сонымен қатар, әуежайға мұнай жеткізетін құбыр жөнделді. Экологтар жаздың басында авиация керосині Есіл өзеніне жайылғандығын анықтаған. «Құбыр жөнделді. Қоршаулар қойылды. Өзенге аққан керосин тоқтатылды», - дейді Ахметбеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!