Ғарифолла Есім Семейдегі балалар лагерінде болып қайтты (фото)

Фотография - Ғарифолла Есім Семейдегі балалар лагерінде болып қайтты (фото)

Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымы докторы, Ғарифолла Есім «Радуга» балаларды сауықтыру лагеріне келіп, онда демалып жатқан балалармен кездесті. Сондай-ақ, профессор лагерді аралап көріп, күнделікті жұмысымен де танысты, деп хабарлайды ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

242 0

Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымы докторы, Ғарифолла Есім «Радуга» балаларды сауықтыру лагеріне келіп, онда демалып жатқан балалармен кездесті. Сондай-ақ, профессор лагерді аралап көріп, күнделікті жұмысымен де танысты, деп хабарлайды ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында көптеген кітаптар мен публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы, Ғарифолла Есім балалардың жағдайын сұрап қана қойған жоқ, сонымен қатар, әр баланың бойындағы білімі мен дарыны жайлы, тәрбиесі мен туған тілге көрсетер құрметтері жайлы да сөз қозғады. Кездесуге келген білім саласының мамандарына депутат мырза: – таза ауа мен Ертіс өзенінің бойында орналасқан, тамаша лагердің бар мүмкіндіктерін балалардың игілігі үшін барынша тиімді пайдалану керек. Күнделікті өткізілетін тарихи-танымдық, мәдени және спорттық іс шаралардың қатарына суда жүзу бағдарламасын енгізуді ойланыңыздар. Сонымен бірге, балаларға бір мезгіл қымыз берілсе – деді. Ал өз кезегінде балалар жазушының отбасы мен өмірі және қазіргі кездегі қызметі төңірегінде қойған сұрақтарына кеңінен жауап алып, қанаттанып қалды.

Жалпы бұл демалыс орны туралы айта кетсек, «Радуга» балаларды сауықтыру лагері Семей қаласынан оншақты шақырым ғана қашықтықта орналасқан. Толықтай жұмыс істегеніне биыл 18 жыл толды. Лагерде жыл сайын барлығы 500-ден астам бала демалады. Мұнда келушілер негізінен Семей мен Курчатов қалалары, Бесқарағай мен Бородулиха аудандарының балалары. Астана қаласынан келіп демалатын балалар да бар. Лагердің дәл қазіргі төртінші мезгілі жағдайы төмен отбасының балаларына арналған және онда 120 бала демалуда.

Жазушымен болған жүздесудің соңында балалар арнайы ат басын бұрып келген ағаларына рахметтерін айта келіп, демалыс орнында жақсы тынығып, ондағы спорт алаңдарында уақыттарын тиімді өткізіп жатқандарын жеткізіп, естелік суретке түсті", - делінген хабарламада.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!