Шымкентте үш жүзге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Фотография - Шымкентте үш жүзге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Шымкентте үш жүзге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін.Қазығұрт шағынауданында тұратын олар мұнай құбырына жақын орналасқандықтан осындай күйге түсіп отыр. Алайда, кезінде әрқайсы сол жерді заңды түрде әкімдіктен алған.

244 0

Шымкентте үш жүзге жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін.Қазығұрт шағынауданында тұратын олар мұнай құбырына жақын орналасқандықтан осындай күйге түсіп отыр. Алайда, кезінде әрқайсы сол жерді заңды түрде әкімдіктен алған. Алды 2002 жылы қоныстанған ағайын бұл күні күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған.

Қазығұрт шағынауданының шетіне қоныстанған тұрғындардың соңғы жылдардағы ғұмыры соттасумен өтіп жатыр. Үйлері орналасқан аймақта жерасты мұнай құбыры өткен. 2002 жылы Сайрам ауданына қараған тұста, оларға әкімдіктің шешімімен дәл осы маңнан жер берілген. Сол кезде үй мен мұнай құбыры жүрген аралық 25 метр қашықтықта болса, заңды делінген екен. Енді келіп, қауіпсіз аймақ қашықтығына қойылатын талап жыл сайын өзгеретін көрінеді.

Мелизат Ниятов, Қазығұрт шағынауданының тұрғыны: «2009,2010 жылдары соттастық, бәрібір біз жеңіп жатырмыз. Биыл келді де 50 метр емес, 75 метр болуы керек деді. Біреуі 150 метр болу керек дейді».

Облыстық сот күні кеше шағынауданның үш бірдей тұрғынына қатысты «үйі өзінің есебінен бұзылсын» деген шешімін шығарған. Соның бірі Мұхтар Сапаров.

Мұхтар Сапаров, Қазығұрт шағынауданың тұрғыны: «Кассационный сот кеше біздің үйімізді бұзылсын, заңсыз берілген жер деп,өз есептеріңнен бұзып әкетіңдер дейді. 75 метрдің ішінде қандай құрылыс бар болса, барлығын бұзылсын деп шешім шығарып берді».

Сапаровтардың күйін кешеміз бе деген үрей осындағы үш жүзге жуық отбасын ойландырып отыр.

Қайрат Усембаев, Қазығұрт шағынауданың тұрғыны: «Бізге шешімді әкімшілік берген. Олар ай қарап отырған жоқ шығар? Олар заңды білетін шығар? Кадастрда бекітілген, зем.комитет, юстицияда карталары бар шығар? Қай жерге үй соғу керек деген. Көшпейміз, біздікі де заңды».

Қандай шешім болса да қазығұрттықтар қоныстан қозғалмауға бел буыпты. Ал әкімдіктегілер мен «Қазтрансойл» мұнай құбырлары басқармасы қандай да бір жауап айтудан бас тартты. Есесіне, заңгерлер жоғары сотқа шағымданып, жер берген органды сотқа беруге кеңес береді.

Дінмұхамед Қылышбаев, заңгер: «Мемлекеттік органдар меншік құқығы туралы актілер бередің алдында ол жерлердің барлығын тексеріп алуы керек еді. Олардың өздерінің инженерлері бар.Егер сотта құқықты беретін акт шығарған органнның әрекетері заңсыз деп танылатын болса, азаматтар жер кодексінің 165 пен 166 баптарына сәйкес өздеріне келтірілген шығынды толықтай өндіре алады. Яғни кінәлі жақ өтеуі міндетті».

Баспана түгілі, жер бағасы шарықтап тұрған кезде өтемақысыз үйді босатуға қарапайым халық келіспейді. Мәселесі оң шешімін таппаса, Елбасына баруға да дайын.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!