Қостанай облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Фотография - Қостанай облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді.

239 0

Қостанай облысында 2013 жылдың жартыжылдығында жұмыссыздық деңгейін 0,4%-5ға дейін төмендетуге қол жетті. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді.

«Жарты жылда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының барлық бағыттарын сатылай жүзеге асыру жұмыссыздар санын 1 967 адамға немесе 0,8%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ды құрады, республикалық көрсеткіш 0,7%-ға тең», – деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы 10%-ға өсіп, 78 491 теңгені құрады. Әйтсе де бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып отыр. Облыс осы көрсеткіш бойынша 12-ші орында тұр. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!