Батыс Қазақстанда егін ору науқаны қарқын алып келеді

Фотография - Батыс Қазақстанда егін ору науқаны қарқын алып келеді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан 31 шілде күні түскен мәлімет бойынша өңірде орылуға тиісті 354,71 мың гектар егіннің 75,79 мыңы немесе 21,1 пайызы орылды

174 0

Батыс Қазақстан облысында егін ору науқаны қызып келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан 31 шілде күні түскен мәлімет бойынша өңірде орылуға тиісті 354,71 мың гектар егіннің 75,79 мыңы немесе 21,1 пайызы орылды. Одан 50,77 мың тонна жалпы өнім алынды. Әр гектардан 6,8 центнерден өнім алынуда. Облыста бұл жөнінен ең астық өңір Зеленов ауданы алда келеді. Мұнда өнімділік 8,6 центнерге жетіп отыр. Зеленовта 162,59 мың гектар жердің егіні орылуы тиіс болса, соның 21,1 пайызы немесе 34,81 мың гектарынан өнім жиналды. Сондай-ақ Теректі ауданында 76,66 мың гектардың 22,88 мың гектарынан түсім түсіп, әр гектарынан 6,4 центнерден айналуда.

Өңірде жасыл орақ науқаны да жүріп жатыр. Мұнда Ақжайық ауданы басқалардан оқ бойы озық тұр. Мұнда 219 мыңнан астам шабындықтың шөбі шабылып, әр гектарға 3 центнерден келуде. Облыс бойынша 1515,1 мың гектар жердің шөбі шабылып, 541,2 мың тонна пішен дайындалды, бұл - жоспардың 52,2 пайызы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!