Астанада гепатиттің алдын алу айлығы өтіп жатыр

Фотография - Астанада гепатиттің алдын алу айлығы өтіп жатыр

28 шілде -28 тамыз аралығында Астанада дәстүрлі жыл сайынғы гепатиттің алдын алу айлығы өтеді.

208 0

28 шілде -28 тамыз аралығында Астанада дәстүрлі жыл сайынғы гепатиттің алдын алу айлығы өтеді.

Биылғы іс-шара «Бұл гепатит. Біліп қойыңыз. Одан сақтаныңыз» деген ұранмен ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Айлық барша әлемде 28 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне орайластырылған.

«Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күнін атап өту қоғам мен мүдделі ведомстволардың назарын алдын алу іс-шараларын күшейту, скринингтік тексеру, вирустық гепатитпен және онымен байланысты аурулармен күрес сияқты нақты іс-қимылдарға аударуға мүмкіндік береді»,- деп жазады ведомство.

Айлық аясында Астанада халық арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу, медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарларын, тренингтер, гепатиттердің алдын алу, анықтау және емдеу мәселелері бойынша консультациялар беру мақсатында «Ашық есік» күндерін өткізу, адамдарды скринингтік зерттеу жоспарланған.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!