Ақтау НКОК компаниясы есебінен жазғы лагерьде демалып қайтқан тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан және жетім 100 баланы қарсы алды

Фотография - Ақтау НКОК компаниясы есебінен жазғы лагерьде демалып қайтқан тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан және жетім 100 баланы қарсы алды

Кеше 3 тамызда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында «Норт Каспиан Оперейтинг компани» компаниясының демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы есебінен Алматының тау етегіндегі «Өрнек» жазғы лагерінде демалып қайтқан тұрмысы төмен және жетім 100 баланы салтанатты қарсылау шарасы өтті

280 0

Кеше 3 тамызда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында «Норт Каспиан Оперейтинг компани» компаниясының демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы есебінен Алматының тау етегіндегі «Өрнек» жазғы лагерінде демалып қайтқан тұрмысы төмен және жетім 100 баланы салтанатты қарсылау шарасы өтті.

«Лагерьде балалардың таланттары мен қабілеттерін жетілдіруге, шығармашылығын дамытуға арналған шеберлік сабақтары мен тренингілер ұйымдастырылды. Олар халық мәдениетінің бірегей дәстүрлерін және жас ұрпақтың отаншылдығын бойларына сіңіруге бағытталған «Үйлесімділік арқауы» жобасына қатысты.

Спортқа зор көңіл бөлінді. Баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, бадминтон ойнайтын алаңқайлар кешенінде армансыз дене шынықтырды. Олар үшін ойын-сауық бағдарламасы, қызықты саяхаттар ұйымдастырылды», - деді Ақтау әуежайында балаларды қарсылау кезінде НКОК компаниясының жұртшылықпен байланыс, демеушілік және қайырымдылық жөніндегі бөлім бастығы Еркін Әжіғалиев.

Бұл - консорциум есебінен тыныққан балалардың алғашқы тобы. Компания жолдамадан басқа балаларды алып жүру, авиатасымалдау және басқа да көлік шығындарын өз мойнына алды. Атырау облысының 100 баладан құралған екінші тобы 5 тамызда Алматыға демалысқа аттанады. НКОК компаниясы 8 жыл бойы екі облыстың тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балалары мен интернат тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп келеді. 2006 жылдан бері екі мыңға тарта балаға жолдама берілді - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

Актау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!