Қазақстанның алты азаматы Таиландта Денге безгегін жұқтырған

Фотография - Қазақстанның алты азаматы Таиландта Денге безгегін жұқтырған

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді

174 0

Қазақстанның алты азаматы биылғы жылы Таиландтан Денге безгегін жұқтырып келген.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді.

Бас санитар дәрігердің айтуына қарағанда, Денге безгегін жұқтырған алты қазақстандықтың ағымдағы жылы Таиландта болғандығы анықталып отыр.  Безгекке шалдыққан алты адам да Алматы қаласының тұрғындары. Олардың төртеуіндегі ауру белгісін әуежайдағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі анықтаса, екеуі дәрігерге барғанда белгілі болған.

«Барлық алты науқас дер кезінде оқшауландырылып, уақтылы ем-дом қабылдап үлгерді», - деген Ж. Бекшин жазғы демалыстың қызған уақытында шетелде демалатындардың өздері таңдаған елдегі санитарлық жағдайға баса мән беру керектігін баса айтты.

Ескерте кететін жайт, қазіргі таңда Таиландта осы сырқат түрлерімен ауырғандардың саны 40 мыңға жуықтаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!