Алматыда жол айрықтары салынады

Фотография - Алматыда жол айрықтары салынады

. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

189 0

Қалалық кеңес Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка және Бөкейхан – Солтүстік айналым көшелерінің бойына салынатын жол айрықтары мен Алматы қаласы әуежайы терминалын реконструкциялау жөніндегі жобаларды мақұлдады. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов төрағалық еткен жиында қалалық кеңес мүшелері Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка және Бөкейхан – Солтүстік айналым көшелерінің бойына салынатын жол айрықтары мен Алматы қаласы әуежайы 1-терминалын реконструкциялау жөніндегі жобаларды қарап, талқылады»,- деп жазылған хабарламада.

Әл – Фараби даңғылы мен Ремизовка бойына салынатын жол айрығы көлік кептелісін азайтып, қаланың орталық көшелерінде көлік қозғалысын жақсартады. Екі деңгейлі жол айрығы және Әл- Фараби бойындағы эстакадо кептелісті азайтуға жол ашады. Аталған жобаны «Казахский Промтранспроект» ЖШС жасаған, бұл жоба бірден мақұлданды.

Бұдан соң Бөкейхан мен Солүстік айналым көшелерінің бойына салынатын жол айрығының жобасы қаралды. Мұнда жол қозғалысы өте шиеленісті. Өйткені, Бөкейхан көшесінің бойымен негізі бағыттар бойынша көліктер жүреді әрі бұларға Өжет, Дорожник және басқа да елді мекендерден келетін көліктер қосылады. Күндіздің өзінде бұл бағыт бойынша жүру өте қиын. Сондықтан аталған жерге жол айрығын салу өте қажет. Әрі ол Алматының экологиялық жағдайын да жақсартатын болады.

«Қалалық кеңес мүшелері Алматы қаласы әуежайының 1-ші терминалын қайта жарақтандыру жобасын да қарады. Мұндағы басты міндет 1-ші терминалдың бірыңғай нақтылы құрылымын қалыптастыру. Терминал кеңейтілген кезде әуежай 1600 жолаушы сағатынан 2600 жолаушы сағатына дейін жұмыс істей алады. Сонымен қатар 8 транспортермен, 44 тіркеу қондырғысымен жабдықталатын болады. Аталған жоба бойынша терминал көлемін 60,0 мың м2 жеткізу көзделіп отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!