Қызылордада су тасқынының алдын алу мәселесі қарастырылды

Фотография - Қызылордада су тасқынының алдын  алу мәселесі қарастырылды

Жиында облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары - жұмылдыру дайындығы және аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Марат Бәйімбетов қысқы-көктемгі су тасқынынан қорғану және Сырдария өзені жағалауындағы қорғаныс бөгеттерінің жайы туралы есеп берді

252 0

Қызылорда облысы әкімдігінде су тасқынының алдын алуға арналған кеңес болып өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жиында облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары - жұмылдыру дайындығы және аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Марат Бәйімбетов қысқы-көктемгі су тасқынынан қорғану және Сырдария өзені жағалауындағы қорғаныс бөгеттерінің жайы туралы есеп берді. Аталмыш өзеннің Қызылорда облысы аумағындағы бөлігі 1247 шақырымды құрайды. Қыс айларында дарияның төменгі ағысына Шардара су қоймасынан келетін су жақсы бекітілмеген тұстарда бөгеттерді бұзып кетіп жатады. 2012 жылы облыстағы уәкілетті мекемелер қорғаныс құрылыстарының жағдайын зерттеу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарды. Дарияның 19 осал бөлігі анықталды. Осы жерлердің қорғаныс қабілетін арттыру үшін облыстық бюджеттен 103 млн. теңге қаржы бөлінді. Оған 32 шақырым жердің бөгеті көтеріліп, артық суларды облыстағы су қоймаларына жіберудің шаралары жасалды.

Биылғы жылы табиғи апаттың алдын алу бағытында дария жағалауы тағы тексеріліп, су тасқынына шыдас бермейтін 27 қауіпті учаске анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша 137,9 млн. теңге қаражат керек болып шықты.

Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты мамандарға өзендегі су деңгейін ұдайы бақылап отыруды, қажетті жағдайда тасқынның алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!