Астаналық полицейлер жезөкшелердің кәсібін жандандырада

Фотография - Астаналық полицейлер жезөкшелердің кәсібін жандандырада

Жуырда ғана қолданысқа енген жаңа заң Астанадағы жеңгетайлық пен жезөкшелікке тосқауыл бола алмай отыр.

189 0

Жуырда ғана қолданысқа енген жаңа заң Астанадағы жеңгетайлық пен жезөкшелікке тосқауыл бола алмай отыр.

Керісінше, жалға берілетін пәтерлердің саны артып кеткен. "Анайы тірлікті күнкөріске айналдырғандарға  айыппұл салған тәртіп сақшыларын мүлдем кезіктірмедік"  дейді  тұрғындар.

Мұндағы зейнеткерлерде үрей басым. "Телеарнаға шағымданып, артық ауыз сөз айтсақ, ұрып кетеді"  деп жеңгетайлардан жасқанған кейіп танытты.  

Жаңа заң бойынша "ірі көлемде айыппұл салынса,  бұл бизнес құрдымға кетеді" деп  қуанған тұрғындар бәріне жергілікті полиция кінәлі дегенді алға тартты. Көпке мәлім көлеңкелі кәсіпті "құзырлылар  жандандырып отыр-ау" деген күдіктерін де жасырмады.

"Кешқұрым мына жерде полицейлер арнайы көлікпен келіп тұрады. Олар жеңгетайлар мен ашық жарқын араласып, ауыз жаласып, сүйісіп отырады. Бәрі сыбайласып кеткен", - дейді тұрғын Оксана Нестерова.

Ал, Астана қалалық ішкі істер басқарамасының шенділері полицияның жезөкше, жеңгетаймен ауыз жаласуы мүмкін емес дейді.

Қалай десек те, темір жол маңындағы тұрғындар бұл мазасыз күндер мен түндерге жақын арада тосқауыл қойғандарына сенбейді. Себебі, олар көлеңкелі бизнестің тамырына балта шабу оңай шаруа емес деп отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!