ОҚО-да үшемдер дүниеге келді

Фотография - ОҚО-да үшемдер дүниеге келді

 Оңтүстік Қазақстан облысының перинаталды орталығында Айман, Шолпан және Айжан есімді үшем дүние есігін ашты

203 0

 Оңтүстік Қазақстан облысының перинаталды орталығында Айман, Шолпан және Айжан есімді үшем дүние есігін ашты.

Үш бірдей қаракөзді дүниеге алып келген Сарыағаш ауданының Айниса есімді тұрғыны. Дәрігерлер бүлдіршіндердің шала туылғандығын айтып отыр. Олар жеті күн бойы жансақтау бөлімінде перзентхана мамандарының жіті бақылауында болған. Қазіргі таңда да бүлдіршіндер облыстық перинаталды орталықта ем қабылдау үстінде. Дегенмен, дәрігерлер үшеуінің де денсаулығына еш қауіптің жоқтығын және жақын күндері отбасымен қауышатындығын айтты.

Айта кетейік, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында үш үшем және 211 егіз жұп дүниеге келген болатын. Ал, биылғы жылдың алғашқы жеті айында 135 егіз дүние есігін ашса, үшемдердің туылуы алғаш рет - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!