Мектепте оқушыларға ыстық тамақ орнына пицца беріліп келген

Фотография - Мектепте оқушыларға ыстық тамақ орнына пицца беріліп келген

Алматыда 150-ге жуық мектепте оқушыларға ыстық тамақтың орнына фаст-фуд беріліп келген. Салдарынан, мыңдаған жеткіншек ішек пен асқазанның созылмалы ауруларына шалдығыпты. Мұндай сұмдықтың бетін қазақ тамақтану академиясы анықтап отыр

238 0

Алматыда 150-ге жуық мектепте оқушыларға ыстық тамақтың орнына фаст-фуд беріліп келген. Салдарынан, мыңдаған жеткіншек ішек пен асқазанның созылмалы ауруларына шалдығыпты. Мұндай сұмдықтың бетін қазақ тамақтану академиясы анықтап отыр.

Бірінші боп дабылды ата-аналар қаққан. Белгілі болғандай, тендерлерді ұтып алған фирмалар арзанқол өнімдерді сатып алып, ақша үнемдепті. Осылайша, сиыр етінен пісірілген сорпа мен күріш ботқасының орнына бастауыш сынып оқушылары фастфудпен тамақтанып келген. Енді алдағы қыркүйектен бастап тағамтану академиясы барлық асхананы қадағалауға алмақ. Негізі бастауыш сынып оқушыларына мектеп қабырғасында бір мезгіл ыстық тамақ беріліп тұруы тиіс. Міндетті тағамдардың қатарына шырын мен көкөніс, жеміс-жидектер де кіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!