Атырауда дін қызметкерлері скайп арқылы уағыз айтатын болды

Фотография - Атырауда дін қызметкерлері скайп арқылы уағыз айтатын болды

 «Атырау су арнасы» КМК қабырғасында «Терроризм мен діни экстремизмге идеологиялық тұрғыдан қарсы тұру» тақырыбында кездесу өтті

253 0

 «Атырау су арнасы» КМК қабырғасында «Терроризм мен діни экстремизмге идеологиялық тұрғыдан қарсы тұру» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға қатысқан мекеме қызметкерлері Әт-Тақуа мешітінің бас имамы Нариман Жұмашевтың уағызын тыңдап, тақырып төңірегіндегі сауалдарына нақты жауаптар алды.

Мешіт имамы жалпы діни сауаттылықты арттыру, хақ діннен адастырушылардың арам пиғылы туралы мағыналы әңгіме өрбіте отырып, қасиетті Рамазан айының сауабы мен Қадір түні туралы да жан-жақты әңгіме қозғады.

«Қазіргі заманды бұрынғымен мүлде салыстыруға болмайды. Озық технология, соны жетістікке кез келгеннің қолы жететіндей мүмкіндік тууда. Осы ретте интернеттің екі жағы бар екенін естен шығармауымыз қажет. Ол - керегіңді іздеп, танымдық деңгейіңді арттыру үшін таптырмас құрал. Сондай-ақ ол асыл дінімізді жамылып, тура жолдан жастарымызды тайдыру үшін де маңызды құралдың бірі болып отырғаны бүгінгі күннің шындығы» деген ол ислам мен терроризм ұғымының мүлдем бір-біріне жат екендігін атап өтті. «Жастар санасының улануына жол бермеуіміз қажет. Жалпы, баба салты, ата дәстүрінен аттап кете алмайтын халықтың ұрпағымыз, алдыңғы буын ұлттық дәстүрді ардақтап, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетсе, кейінгі жастың санасына бұл игіліктің сіңіп қалатыны анық. Сондықтан, ел, дәстүр, дін секілді ұғымдардың қадірін жете түсініп, оны қадірлей білгеніміз жөн» деген имамның сөзіне жиналғандар бірауыздан қолдау танытып, бұл басқосудың бүгінгі күн үшін өте маңызды екендігін ерекше атап өтті - деп хабарлады ҚазАқпарат


Жиын барысында мәлім болғандай, таяу уақытта қаладағы мешітттерде скайп жүйесі арқылы арнайы дін саласының мамандары мен мешіт имамдары уағыз айтып, сауапты жұмыс жасамақшы.


Тегтер:

Атырау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!