Құтқарушылар 10 мыңға жуық балаға суда жүзуді үйретті

Фотография - Құтқарушылар 10 мыңға жуық балаға суда жүзуді үйретті

Биылғы 7 айда құтқару қызметі 10 мыңға жуық балаға суда жүзуді үйретті

213 0

 Биылғы 7 айда құтқару қызметі 10 мыңға жуық балаға суда жүзуді үйретті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Төтенше жағдайларды жою департаменті Апаттық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы Серік Берсімбаев мәлім етті.

«Суға шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігі тұрғысында суда құтқару стансасының маңында жасақталған балалар жағажайларында құтқарушылар жеткіншектерге жүзуді үйрету жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылғы 7 айда суда құтқару қызметкерлері 9 619 балаға жүзуді үйретті», - деді ол - деп хабарлады ҚазАқпарат

С. Берсімбаевтың сөзіне қарағанда, жұмыссыз адамдардың ішінен қоғамдық құтқарушыларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, Ақтөбе облысының суда құтқару қызметі 21 бекет құрып, 63 қоғамдық құтқарушы дайындады. Ал Павлодар облысы 10 бекет, Атырау облысы 6 бекет, Жамбыл облысы 4 бекет жасақтаған екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!