Б.Байбек шетелде оқып жүрген қазақстандық студенттерді бір-бірін қолдауға шақырды

Фотография - Б.Байбек шетелде оқып жүрген қазақстандық студенттерді бір-бірін қолдауға шақырды

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының II слеті кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетелде оқып жүрген қазақстандық студенттерді бір-бірін қолдауға шақырды

279 0

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының II слеті кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетелде оқып жүрген қазақстандық студенттерді бір-бірін қолдауға шақырды.

Б.Байбек атап көрсеткендей, партия биылғы слеттің барлық ұсыныстарын қолдап, тиісті шешімдердің орындалуына ықпал ететін болады. «Бірақ, сіздер (шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер - авт.) өзара бірігіп, нақты мақсат-міндеттеріңізді анықтап алмасаңыздар, біз өз тарапымыздан көмек бере алмаймыз. Өткен жылы мен талай рет естідім. Ақша сұраған өтініштер көп болған. Мен түсінемін, қаржының жетпейтін кездері де болады. Осы орайда бір орталықтың (ұйым - авт.) болғаны дұрыс. Ол жерде қазақстандық студенттер жиналып, бір-біріне көмек бере алады. Мәселен, шетелге алғаш рет келген жастарға жақын жердегі дүкеннің қайда екенін, оқу жоспары қалай жүргізіледі деген сияқты қарапайым ақыл-кеңестерді берсек те, олар үшін үлкен көмек болатыны хақ. Ал ең бастысы, ұйым тізгінін кейінгі жастарға дер кезінде тапсырып, оның тұрақты әрі нәтижелі жұмысын қамтамасыз ете білу керек», - дейді Б.Байбек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!